Aktobe Qurylys Montaj Koleji

  • Құрметті талапкерлер! Гранттар байқауының нәтижелері 25- тамыз!
  • Дуалды оқыту

    Колледждегі дуалды  оқыту туралы

    Дуалды  оқыту – тәжірибелік және теориялық оқыту ұштастырылған маманды даярлаудың жаңа түрі болып табылады.

    Бұл жүйе бойынша маман теориялық және тәжірибелік бағыттағы даярлықтан өтеді. Оқытудың 1/3 бөлігінде колледжде базалық білім алады, ал 2/3 бөлігінде үйретететін кәсіпорында қажетті білім мен дағдыларға үйренеді.  Негізгі мақсат – өндірістегі жұмыста базалық дағдылары мен біліктері қалыптасқан білікті және сауатты түлекті дайындау, техникалық жәнпе салалық білім беру жүйесінде дуалды оқытудың қазақстандық моделін жасақтау. Былайша айтқанда, алғашқы күннен бастап, жұмысқа кірісіп кете алатын және жұмысты білікті деңгейде орындай алатын маманды даярлау. Сонымен қатар, дуалды оқыту жұмыс берушілерден белгілі бір дағдылары мен біліектері бар мамандарға сұраныстарын қалыптастыруды көздейді. Дуалды оқытуды жүзеге асырудың преспективалық бағыттары – бұл технико-технологиялық саладағы оқу орындары. Қазіргі таңда дуалды оқыту колледжде табысты түрде жүзеге асырылады, себебі, мұндай түрдегі білім беру құрылымдары әуелбастан өндіріске бағдарланған орта буын маманын даярлаумен айналысады. Осыған орай, білім алушы оқу орнын бітіргенннен кейін нақты бір кәсіпорынға жұмысқа орналаса алатындығы туралы білетін болады, ал өндіріс жетекшісі ұжымға білікті маман келетіндігі туралы сенімде болады.

    Дуалды оқыту – мамандарды даярлаудың перспективалы бағдарламасы. Осындай бағдарлама жүзеге асырылған колледж түлектері мамандық алады, және оларға жұмысқа орналасу қиындық тудырмайды. Мұндай қызметкерлер – ел экономикасының жылжымалы күші болып табылады.  Олар қазіргі заманғы талаптарға жауап бере алатын білім алады, біліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Сондықтан да өндірістік мәселелерді оңай жолмен шеше алады.  

    Былтырғы оқу жылынан бастап, Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінде 1414000 «Жиһаз өндірісі» мамандығы бойынша дуалды оқыту жүйесінің енгізілуіне байланысты, осы мамандықтың 3012Б тобына төмендегі әлеуметтік серіктестермен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен үш жақты келісім-шарт негізінде аталған мекемелер базасында тәжірибеден өтуде.

    Әлеуметтік серіктестерБасшыларыБекітілген оқушылар саны
     «МЦ Кенес и К» ЖШСЖанабаев Кенес Абилхайрович5
     «ЖАК» ЖШСАлман Жалғас Кәкімұлы5
     «YUVI Style» ЖШСХабиб Вячеслав Владимирович5
     «М-Трио» ЖШСБуданов Александр Сергеевич5
     «Актюбинская мебельная компания» ЖШСМактаев Мандыбай Сабирович5