Aktobe Qurylys Montaj Koleji

  • Құрметті талапкерлер! Гранттар байқауының нәтижелері 25- тамыз!
  • Біздің түлектер

    Колледж түлектері туралы ақпарат

    Колледж еңбек нарығындағы мұқтаждыққа ие болып отырған мамандықтарды игеру жөніндегі кәсіпорындармен (кадрларға тапсырыс беруші) жұмыс жасайды. Жұмыс берушілердің мамандарды даярлау жөніндегі сұраныстары негізінде колледж мемлкеттік сұраныс бойынша білім алушыларды қабылдайды және оқытады.

    Қазіргі таңда колледжде мемлекеттік тапсырыс бойынша 295 білім алушы оқып жатыр, оқуды аяқтағаннан кейін оқуға түскен уақытындағы кәсіпорындардан түскен сұраныстар есебінде жұмысқа орналастырылатын болады.

    Негізінен, техникалық бейіндегі мамандарға сұраныс жоғары. Түлектердің негізгі жұмысқа орналасу орны болып табылатын мекемелер «TransMostGroup» ЖШС және  «Қазгеодезия»  Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Филиалы.  

     Колледжді аяқтағаннан кейін оқу-өндірістік жұмыс бөлімі түлектерге жұмысқа орналасуға жолдама береді, қанша адам жұмысқа орналасты немесе орналасқан жоқтығы туралы есеп жүргізеді. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласының тұрғындарын жұмысқа орналастыру және координациялау бөлімімен жазбаша және тығыз байланыстағы жұмыс жүргізіледі, түлектерді жұмысқа орналастыруға  тізімдер беріледі.

    Түлектерді жұмысқа орналастыру  бойынша ұцымдастыру жаңа жұмыс берушілер және олармен байланысты жақсартуды талдау есебімен жүргізіледі.

    Жыл сайын түлектер қалалық «Бос орындар жәрмеңкесіне» қатысады.

    Салыстырмалы талдау қорытындылары бойынша соңғы жылдары жұмықа орналасқан түлектер саны артып келеді.

    2019-2020 оқу жылындағы қыста бітірген түлектердің жұмысқа орналасуының көрсеткіші төмендегідей:

    Мамандық атауы Барлығы Жұмыс қа орналасқандар саны Оның ішінде мемлекеттік тапсырыспен ЖОО, Бала күтімі бойынша, Армия, басқа елге кеткендер
    1 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» 8 8 1
    2 1413000«Темірбетон және металл  бұйымдар өндірісі» 43 41 41 2
    Пайыздық көрсеткіш 51 49 (84%) 41 (95%) 3 (5%)