Aktobe Qurylys Montaj Koleji

  • Құрметті талапкерлер! Гранттар байқауының нәтижелері 25- тамыз!
  • 07310400 Дизайн, азаматтық ғимараттарды жобалау, қалпына келтіру, қайта құру

    Квалификация: 4S07310403  Техник-дизайнер

    Оқу мерзімі:  9 сынып негізінде  3 жыл 10 ай

    11 сынып негізінде 2 жыл 10 ай

    Бүгінде дизайнерлер еңбек нарығында ең көп сұранысқа ие мамандардың бірі болып табылады. Дизайнер мамандығы осы әлемді әдемі етуге дайын, шығармашылық адамдарға қолайлы. Адамдардың сұлулыққа деген құштарлығы, бұл кәсіптің өкілдерін ешқашан жұмыссыз қалдырмайды.

    Барлық дизайнерлердің жұмыс кезеңдері ұқсас, себебі олар бастапқыда жобаның жалпы идеясымен танысады, тапсырыс берушінің тілектерін тыңдайды немесе ұсыныстар жасайды. Осыдан кейін олар өз міндеттерін орындай бастайды: эскиздер түсіріп, визуализация үшін қажетті 3D модельдеуді орындайды, макеттерді дайындайды, дизайн мен прототиптерге жауап береді. Дизайнерлердің өнеркәсіптік, ландшафтық, интерьерлік және басқа да түрлері жобаның дұрыс іске асырылуын бақылауға бағытталған авторлық қадағалауды жүзеге асырады.

    Маманның кәсіби қызмет саласы:

    • сәндік дизайн мәселелері бойынша мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу;
    • коммерциялық дизайн компанияларда жұмыс істеу;
    • құрылыс компанияларында жұмыс істеу;
    • жеке дизайн студиясынын ашу.